×

Орал қаласындағы Жайық өзенінде су деңгейі 8 метрге жетті

Бәйтерек ауданындағы Январцево ауылында өзеннің деңгейі 9 метрге дейін көтерілді

 

 Дастан Жұмабекұлы 19.04.2024 | 10:38
Фото: inform.kz

Орал қаласындағы Жайық өзенінде су деңгейі шамамен 8 метрге жетті. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысындағы төтенше жағдай жөніндегі штаб хабарлады.

Штабтың ақпаратына қарағанда, қаладағы Бәйтерек ауданындағы Январцево ауылында Жайық өзені 8.84 метрге (тәулігіне +28 см) жеткен. БҚО әкімдігінің хабарлауынша, облыс бойынша Жайық өзенінің бойында жалпы ұзындығы 102 шақырымға бөгеттер қойылған. Олардың биіктігі 2-ден 4,5 метрге дейін жетеді.

Қазір Батыс Қазақстан облысындағы Январцево ауылы Ресейден келетін топан суды бірінші болып қарсы алып отыр. Бұл елді мекеннің тұрғындары үй айналасына топырақ үйіп, қорған жасап, бекініп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама