×

Тасқыннан келтірілген залалды өтеуге 16 343 өтініш қабылданған

Зардап шеккен өңірлерде 2 787 отбасы біржолғы төлем алды

 Динара Амантай 19.04.2024 | 09:39
Фото: Halyq Uni

Елімізде ауқымды су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу процесі жалғасуда. Үкімет бұл жұмысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүргізіп жатыр.

Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және басқа да бірқатар облыс тұрғындары арнайы құрылған өңірлік комиссияларға тиісті өтініштер береді. Бүгінде 16 мың 343 өтініш қабылданған.

Биылғы 19 сәуірдегі жағдай бойынша, зардап шеккен өңірлерде 2 787 отбасы шамамен 2,4 млрд теңгеге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Келтірілген материалдық шығын үшін өтемақы көлемі 565,7 млн теңгеге жетті. Бұл қолдау шарасы 1 377 отбасын қамтыды.

Бүгінде зардап шеккен өңірлерде 3 053 тұрғын үй тексеріліп, 1 807 нысан бойынша бағалау жүргізілді.

Еске сала кетсек, бұған дейін су тасқынынан келтірілген залалды өтеуге eGov mobile қосымшасы арқылы өтініш беруге болатынын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама