Қазақстанның қоржынына Олимпиаданың тағы екі лицензиясы түсті
Қазір еліміздің делегациясында спорттың 14 түрінен 35 лицензия бар
Жапонияның астанасы – Токио қаласында каноэ мен байдаркада ескек есуден өтіп жатқан Азия чемпионатында Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұптық сында Олимпиада жолдамасын жеңіп алды.
Қазақстандық дуэт каноэмен 500 метрге жарыста финалға шығып, қарсылас шақ келтірген жоқ.
Осыған дейін каноэмен 500 метрге жарыста Ульяна Кисилева, одан кейін байдаркамен жарыста Ольга Шмелева, Ольга мен Ирина Подойникова жұбы (500 метр) күміс жүлдегер атанған еді. Күміс жүлде оларға Париждегі Олимпиадаға жолдама алып бере алмады.
Қазір Қазақстан делегациясында спорттың 14 түрінен 35 лицензия бар.