Halyq Uni логотип
×

Белгісіз біреу елордалық мектепте атыс шығаратынын мәлімдеді: полицейлер жазбаға жауап берді

Telegram-да бір арна пайда болды, оның авторы 19 сәуірде елордалық мектептердің бірінде атыс шығаратынын мәлімдеді.

 Халық үні 19.04.2024 | 08:28
Белгісіз біреу елордалық мектепте атыс шығаратынын мәлімдеді: полицейлер жазбаға жауап берді
фото: Halyq Uni

Белгісіз біреулер әлеуметтік желіде Астанадағы мектептердің бірінде атыс болатыны туралы хабарламалар таратқан. Полицейлер бұл жайтқа түсініктеме берді, деп хабарлайды полиция департаментіне сілтеме жасаған nur.kz.

Telegram-да бір арна пайда болды, оның авторы 19 сәуірде елордалық мектептердің бірінде атыс шығаратынын мәлімдеді.

Астана полиция департаменті тілшімізге бұл жазба шындыққа жанаспайтынын айтты.

«Лаңкестік актісі әзірленіп жатқаны туралы көрінеу жалған хабарлама таратқаны үшін 5 мың АЕК (18 миллион теңге) көлемінде айыппұл салу немесе 5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылғанын еске саламыз», - делінген құқық қорғау органы хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама