×

Мамырдағы демалыс күні ауыстырылды

Демалыс күні 2024 жылғы 4 мамыр сенбіден 2024 жылғы 8 мамыр сәрсенбіге ауыстырылды.

 Халық үні 18.04.2024 | 22:48
Фото: dauletten.kz

Еңбек кодексінің 85-бабы 3-тармағына сәйкес жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы А.Сарбасовтың бұйрығы жарияланды.

Бұйрықта былай делінген:

Демалыс күні 2024 жылғы 4 мамыр сенбіден 2024 жылғы 8 мамыр сәрсенбіге ауыстырылады.

Қазақстандықтар 4 мамыр - сенбі жұмыс істеп, 7, 8, 9 мамыр күндері демалады. 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама