×

Алматы облысында әйелін ұрып-соққан ер адам полицейлерге оқ атты

Аталған факті 2024 жылдың 17 сәуірінде тіркелген

 Халық үні 18.04.2024 | 21:25
фото: Halyq Uni

Алматы облысында күйеуінен таяқ жеген әйел үйіне полиция шақырған. Ер адам тәртіп сақшыларына да бағынбай, полицейлерге қарсы оқ атқан. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алматы облысы полиция департаментінің хабарлауынша, аталған факті 17 сәуірде тіркелген.

Алматы облысына қарасты елді мекендердің бірінде белгісіз ер адам Еңбекшіқазақ ауданының учаскелік полиция инспекторына атыс қаруынан оқ атқан. Салдарынан полиция қызметкерінің қолына оқ тиіп, жараланды. Жергілікті күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді, - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ ер адамның мас болғаны, қолданған тегіс ұңғылы мылтығының өз атына тіркелгені де анықталды. 

Ұсталған күдіктінің іс-әрекеті құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғуды көздейтін қылмыстық құқықбұзушылық белгілерін қамтиды. Қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама