×

19 сәуірге ауа райы болжамы жарияланды

2024 жылғы 19 сәуірде қауіпті метеорологиялық құбылыстар болады деп болжанған

 Халық үні 18.04.2024 | 19:51
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 19 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Республикамыздың басым бөлігі ауқымды антициклон әсерінде болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің солтүстігінде және шығысында, күндіз оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр, шығыста, оңтүстікте найзағайлы жаңбыр сақталады. 

Қазақстан бойынша желдің күшеюі, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, түнгі және таңертеңгі сағаттарда  солтүстік-батыста, шығыста және орталықта тұман күтіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама