19 сәуірге ауа райы болжамы жарияланды
2024 жылғы 19 сәуірде қауіпті метеорологиялық құбылыстар болады деп болжанған
![19 сәуірге ауа райы болжамы жарияланды](https://halyq-uni.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2024/04/18/66214316803f0338292679.png)
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 19 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Республикамыздың басым бөлігі ауқымды антициклон әсерінде болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің солтүстігінде және шығысында, күндіз оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр, шығыста, оңтүстікте найзағайлы жаңбыр сақталады.
Қазақстан бойынша желдің күшеюі, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік-батыста, шығыста және орталықта тұман күтіледі.