Halyq Uni логотип
×

Тимур Құлыбаев су тасқынының салдарын жоюға 30 млрд теңге аударды

Қаржы үйлерді жөндеуге және салуға бөлінеді

 Дәурен Ерболат 18.04.2024 | 18:20
Тимур Құлыбаев су тасқынының салдарын жоюға 30 млрд теңге аударды
Фото: Halyq Uni

Миллиардер, кәсіпкер Тимур Құлыбаев Атырау облысын қалпына келтіруге 30 млрд теңге аударды.

Елімізде алапат тасқыннан кейбір өңірлерде тұрғын үйлер қирап, инфрақұрылымға айтарлықтай зиян келген. Оның арасында Атырау облысы да бар. Кәсіпкер Тимур Құлыбаев өңірді қалпына келтіруге 30 млрд теңге аударды.

Қаражат тұрғын үйлерді жөндеуге және жаңадан салуға, инфрақұрылымды қалпына келтіруге, сондай-ақ табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетуге жұмсалады. Шығын есептеліп болғасын, бұл жұмыстар шұғыл түрде жүргізіледі.

Су тасқынынан зардап шеккен әрбір жанның қайғысына ортақпын. Апаттың алғашқы күннен бастап қарғын судың астында қалған аймақтарға көмек қолын создық. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен барлық қиындықты еңсеретінімізге сенімдімін, - деді Тимур Құлыбаев.

Айта кетейік, қазақстандық кәсіпкерлер мен белсенді азаматтар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқынының салдарын жоюда бірлесіп әрекет ету туралы ұсынысын қолдады.

Соңғы жылдары Тимур Құлыбаевтың компаниялар тобы президенттің бастамаларына және қайырымдылыққа 85 млрд теңгеден аса қаржы аударды. Оның ішінде 1,5 млрд теңге су тасқынына қарсы күреске бөлінді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама