×

Тоқаев Жапаровты елорда әуежайында қарсы алды

Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды

 Динара Амантай 18.04.2024 | 17:30
Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровты елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.

Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама