+45 градус ыстық: мамыр айына арналған ауа райы болжамы жарияланды

Дәурен Ерболат

Оңтүстік пен солтүстікке жауын-шашын аз түседі

Фото: Halyq Uni

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2024 жылғы мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мамырда жазғы атмосфералық процеске өту басталады. Ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, қатты жел соғады. Бір ай бойы кейбір күндері бұршақ жаууы мүмкін. Айдың басым бөлігінде ауа температурасы жоғары болады. Республиканың солтүстігінде ауа температурасы +35 градусқа дейін көтеріледі, оңүстікте +45 градус ыстық болады, - деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Солтүстік, шығыс, орталықта және оңтүсік-шығыстағы таулы аудандарда ауа температурасы төмендейді: -5 градус, күндіз +15 градусқа дейін. Батыс және оңтүстікте +5 градус, күндіз +26 градус жылы болады.

Биыл мамырда еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1-2 градусқа жоғары болады деген болжам бар. Осы айда жауын-шашын мөлшері батыста нормадан жоғары, оңтүстік және солтүстік өңірлерде нормадан төмен болады, - деді «Қазгидромет» РМК өкілі.