×

НАТО-ның Парламенттік ассамблеясы Украинаға көмектесуді қолдады

Құжатта Ресейді күйретуге арналған кең ауқымды санкциялар айтылған

 Дастан Жұмабекұлы 02.06.2022 | 10:49
фото: planeta.press

Литваның астанасы Вильнюс қаласында НАТО-ның Парламенттік ассамблеясы Украинаға көмектесу жөнінде декларация қабылдады. Бұл туралы УНИАН хабарлады.

Құжатта Ресейді күйретуге арналған кең ауқымды санкциялар айтылған.

Кездесуде Парламенттік ассамблея Украинаның еуропалық атлантикамен интеграция жолындағы ұстанымына қолдау көрсетіп, оған ауыр қару-жарақтарды жеткізіп беруді арттыру қажеттілігін мәлімдеді.

Альянстың 200-ден аса депутаты НАТО-ның Ресей бастаған соғысты қатаң айыптаған «Standing with Ukraine» деп аталатын декларациясын қолдады.

Декларацияда Украинаға ПВО, ПРО жүйелерін, кемеге қарсы атылатын жүйелер мен артиллерияларды жеткізіп беру, сондай-ақ барлау мәліметтерін беріп тұру қажеттілігі айтылған.

Құжатта Ресейді күйреуге ұшырататын санкциялар ауқымын арттырудың және РФ-ның көмірін, газын, мұнайы мен уранын импорттаудан біртіндеп бас тарту қажеттілігі қарастырылған.

Сондай-ақ, Ресей олигархтарына, лауазымды азаматтары мен олардың отбасыларына, пропагандистері мен мемлекеттік БАҚ-тарына қарсы қосымша санкциялар енгізу туралы да мәселе қамтылған.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама