×

Қазақстан гимнасшылары Әлем кубогының финалына шықты

Тағы бір отандасымыз Диас Тойшыбек жолдама алу мүмкіндігінен айырылды

 Дастан Жұмабекұлы 18.04.2024 | 13:42
Фото: Сали Сабиров

Спорттық гимнастикадан Қатардың астанасы – Доха қаласында Әлем кубоыгының шешуші кезеңі басталды.

Жарыстың қорытындысы бойынша Париж Олимпиадасына жолдама алған спортшылар белгілі болады. Әзірше ат снарядындағы жаттығу сайысында Нариман Құрбанов іріктеуден екінші орын алып, финалға шықты. Ол 15.033 ұпай жинады. Бұл ұпай оған Олимпиадаға жолдама алуға мүмкіндік беріп отыр.

Олимпиадаға лицензияны 1-2 орын иеленген спортшылар алады.

Милад Карими мен Дмитрий Патанин да еркін жаттығудан финалға шықты. Карими іріктеуді бірінші, Патанин үшінші орынмен аяқтады. 

Әйелдер арасында Аида Бауыржанова да көзге түсті. Ол қол тіреп секіруден финалға жолдама алған 8 спортшының қатарына енді. 

Әлем кубогы кезеңінде Нариман Курбановтың Олимпиадаға жолдама алу мүмкіндігі мол. Ол төртжылдық додасына бару үшін Қатар төрінде үздік үштіктен көрінуі керек. Оның жолдама жолындағы басты қарсыласы – тайпейлік Ли Чи Кай. Ал Милад Карими лицензия мәселесін былтырғы әлем чемпионатында шешіп қойған болатын. 

Дохадағы әлем кубогы кезеңінде ерлерден 12, әйелдерден 8 спортшы Париж Олимпиадасына жолдама алады. 

Тағы бір отандасымыз Диас Тойшыбек өз қателігінен финалға шыға алмады.

Финалдық сайыстар 19 сәуірге жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама