Комитет арнайы мемлекеттік қорды 2,2 млрд теңгеге толықтырды
Премьер-министрдің төрағалығымен өткен арнайы комиссия соңғы отырысының қорытындысы бойынша 24 млрд теңгенің активтері мемлекетке қайтарылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Активтерді қайтару жөніндегі комитет арнайы мемлекеттік қорды 2,2 млрд теңгеге толықтырды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, аталған қаражат елдегі су тасқынының салдарын жоюға бағытталды.
Сонымен қатар, бейінді Заңның мақсаттарына сәйкес, келешекте өндірілетін қаражат та зардап шеккен өңірлердің әлеуметтік жобаларына бағытталатын болады.