Дипломаттар қызметке кірісті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Мадияр Меңілбеков Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.
Презщиденттің жарлығымен Берік Арын Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы мен Бахрейін Корольдігіндегі елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан, еліміздің Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі қызметінен босатылды.
Нажмедин Мұхаметәліұлы еліміздің Оман Сұлтандығындағы елшісі қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметіне кірісті.
Оның орнына, яғни Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы елшісі қызметіне Айдарбек Тұматов барды. Ол еліміздің Иордан Хашимит Корольдігіндегі, Ирак Республикасындағы, Палестина мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Шахрат Нұрышев еліміздің Корей Халық Демократиялық Республикасындағы елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.