×

«Бақытты отбасы» бағдарламасы 20 маусымнан басталады

Басымдық мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға беріледі

 Динара Амантай 02.06.2022 | 10:26
Фото: Halyq Uni

 «Бақытты отбасы» бағдарламасы  бойынша өтінімдер 20 маусымнан бастап қабылданатын болды. Бұл туралы Отбасы Банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бақытты отбасы» табысы төмен отбасыларға тұрғын үй сатып алуға арналған несиелендіру бағдарламасы болып табылады. Аталған бағдарламаға қатысу үшін міндетті түрде тұрғылықты жері бойынша әкімдікте кезекте тұру қажет.

Еске сала кетсек, бағдарламаның шартына сәйкес, үш категория бойынша әлеуметтік аз қамтылған келесі отбасылар кіреді:

  • көпбалалы отбасы;
  • мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы;
  • толық емес отбасы (ажырасқан уақыты 3 жылдан кем болмауы тиіс) санаттары бойынша мемлекеттік пәтер кезегіне тұрған Отбасы Банкінің салымшылары қатыса алады.

Жолдама алу үшін әкімшілікке барудың қажеті жоқ, өтінімдер банктің жылжымайтын мүлік порталы арқылы онлайн қабылданатын болады.

Биыл да былтырғыдай, лимиттерді бөлу барысында басымдық мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға беріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Қаржы пирамидасына қай өңір тұрғындарының жиі алданатыны айтылды

Онда 12 қаржы пирамидасынан 20 мыңнан аса адам зардап шеккен
30.03.2023 | 16:23

Алматы облысында 8 жасар ұлды зорлаған жасөспірімдер ұсталды

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
30.03.2023 | 16:00

«Нұрбанк», Halyk Bank... Қазақстандық 6 қаржы ұйымы мемлекеттен көмек алған

Олардың балансындағы проблемалық активтер мен өте үлкен шығындар деңгейі анықталды
30.03.2023 | 15:30

Қарағандыда моншадан өрт шықты

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ
30.03.2023 | 15:20