×

Қазақстан алғаш рет бадминтоннан Олимпиада лицензиясын алды

Командалық есепте алғашқы 25 елдің қатарына кірдік

 Дастан Жұмабекұлы 18.04.2024 | 09:38
Фото: Сали Сабиров

Бадминтоннан ұлттық құраманың спортшысы Дмитрий Панарин Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.

Дмитрий Панарин олимпиялық рейтингте 25 005 ұпаймен 31-орынға шықты. Сондай-ақ Қазақстан командалық есепте алғашқы 25 елдің қатарына кірді.

Ол еліміздің бадминтоннан барлық санаттағы Олимпиялық ойындарда сынға түсетін тұңғыш спортшысы болады. Бадминтоншы осыған дейін 2018 жылы Аргентинаның астанасы – Буэнос-Айрес қаласында өткен жасөспірімдер Олимпиадасында сынға түскен. Ендігі кезек ересектер арасындағы басты бәсекеге келді.

Қазір Қазақстан делегациясында 13 спорт түрінен 33 лицензия (31 спортшы) бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама