5 облыстағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Қазір республикалық жолдарға 307 техника мен 370 адам жұмылдырылған
Еліміздің 5 облысындағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
18 сәуірдегі сағат 9:00-дегі жағдай бойынша, халықаралық және республикалық маңызы бар автокөлік жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 7 120 метр су тасқыны болды, – делінген «Қазавтожол» ҰК» АҚ хабарламасында.
5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 12 автокөлік жолында (ұзындығы – 720 шақырым) қозғалысқа шектеу қойылды.
Қазір республикалық жолдарға 307 техника мен 370 адам жұмылдырылған.