Ақтөбе облысында тағы 5 кентті су басу қаупі бар
Қазіргі уақытта елдімекендерде бөгеттер тұрғызылып жатыр
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Мамыр, Нұра, Құйлыс, Жайсанбай, Белшер кенттерінде су басу қаупі бар.
«Қазіргі уақытта Мамыр ауылында егу іс-шараларын өткізу кезінде ұзындығы 3 км, ені 4,5 м және биіктігі 2,5 м бөгет, Жайсанбай ауылында ұзындығы 3 км, ені 5 м және биіктігі 2,7 м бөгет салынды, Нұра ауылында ұзындығы 5 км, ені 4 м және биіктігі 3,5 м бөгет нығайтылды.
Құйлыс ауылында ұзындығы 2,5 км, ені 4 м және биіктігі 3,5 м бөгет, Белшер ауылында ұзындығы 1,5 км, ені 3,5 м және биіктігі 3 м бөгет тұрғызылды, жұмыстар жалғасуда», - деді Ақтөбе облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бас маманы Әсет Айтжанов ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Мұғалжар, Қобда, Темір, Ойыл, Әйтеке би, Ырғыз аудандарында және Ақтөбе қаласында жергілікті ауқымдағы 7 табиғи сипаттағы ТЖ жарияланған.