«Абыл мен Қабыл» романы - сиам егіздері туралы шығарма
Астанада Eurasian Book Fair іс-шарасы өтіп жатыр. Шара аясында жазушы Мақсат Мәліктің «Абыл мен Қабыл» романының тұсаукесері өтті.
Шараға белгілі қаламгерлер мен оқырмандар қатысты. Ал кітаптың тұсауын ақын Бауыржан Бабажанұлы мен айтыскер-ақын Дәулеткерей Кәпұлы кесті.
«Абыл мен Қабыл» романы сиам егіздері туралы шығарма. Мұнда Абыл мен Қабыл есімді сиам егіздерінің өмірі бейнеледі. Бір тәнге қосақталған, кеуде тұсынан қосылған екі тұлғаның ішкі қарама-қайшылығы суреттеледі.
Роман «Таңсәрі», «Талтүс», «Алагеуім» және «Түн қараңғысы» атты төрт бөлімнен тұрады.
Бұл роман бұған дейін аңыз болып тараған «Абыл мен Қабыл» қиссасына ешқандай қатысы жоқ, діни шығарма емес. Бұл менің шығамашылқ өмірімдегі жарық көрген алғашқы романым. Тұлғаның екіге бөлінуі емес, бұл керісінше, бір-бірінен бөліне алмайтын екі адамның қалауы, өмірі суреттеледі, –деді Мақсат Мәлік.
Сондай-ақ ақын Ақберен Елгезек қазақ прозасында көтерілген тың тақырып, жаңа роман жастардың қызығушылығын тудырады деп отыр.
Биылғы жыл қазақ прозасы үшін табысты басталды. Замандас-жазушыларымыз бірінен соң бірі романдар жазып, әдебиетіміз толығып жатыр. Мақсат қазіргі әдебиеттегі ерекше ойлайтын жазушы деп айтуға болады. Сондықтан бұл шығарма жастар арасында қызық болады деп ойлаймын, - деді Ақберен Елгезек.