Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 15 сәуір күні кешкісін болған.
Шамамен сағат 19.20-да Ақотау көшесі 20-үйдің маңында, 8 және 25-орта мектептердің арасында ер адамның денесі табылған. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ведомстводан.
Ер адамның өліміне байланысты басы жоқ екен деген сөз тараған. БҚО полиция департаменті оның басы орнында екенін жеткізді.