×

«Жекпе-жек, жекпе-жек!»: промоутер «Канелоның» Биволдан есе қайтаратынын айтты

Ол боксшының айқасты асыға күтіп жүргенін ескертті

 Дастан Жұмабекұлы 02.06.2022 | 10:22
фото: fightnews.info

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн мексикалық Сауль «Канело» Альварестің Геннадий Головкинмен жекпе-жектен кейін Дмитрий Биволмен қарымта кездесу өткізетінін айтты.

Бұл туралы Fightnews.info хабарлады.

«Әрине, реванш болады. Оған күмәнданбаңыздар. «Канело» Биволмен қайта жұдырықтасқысы келеді. Әуелі Головкинмен жекпе-жек өткізеді. Содан кейін Биволмен қолғап түйістіреді. GGG-мен қыркүйекте шаршы алаңға шығады. Бұл – трилогияға ең қолайлы уақыт. Осы кездесуде екінші орта салмақта абсолют чемпион атағы сарапқа салынады. 

Біз Биволмен және оның командасымен сөйлесіп жатырмыз. Келесі жылы Синко де Майо (Мексика әскерінің 1862 жылы 5 мамырда Пуэбла қаласының түбінде Франция қарулы күштерін жеңгенінің құрметіне арналған осы елдің ұлттық мейрамы, - ред.) кезінде қарымта ұйымдастырғымыз келеді. «Канело» бұл айқастан бас тартпайды. Ол жеңілісін әлі ішінде сақтап жүр.  Боксшының «қолы қышып» жүргенін де көріп жүрмін. «Жекпе-жек, жекпе-жек! Есе қайтармай қайтпаймын дейді», - деді Хирн.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама