Олар Семей, Көкшетау және Өскеменде салынады
Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Энергетика министрліктері арасында Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларына ЖЭО салу жобалары бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Тараптар «ИНТЕР РАО – Экспорт» ЖШҚ және «Самұрық-Энерго» АҚ атынан уәкілетті ұйымдарды анықтады.
Үш облыс орталығында – Семей, Көкшетау және Өскеменде үш жаңа ЖЭО-ны іске асыру энергетикалық көмірдің мол қорын ескере отырып, олардың одан әрі дамуына қуатты серпін береді, – деді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
Қазақстан тарапынан уәкілетті ұйым «Самұрық-Энерго» АҚ атынан биылдың өзінде-ақ ЖЭО шоты бойынша бірінші іске асыруды бастау үшін тиісті жол картасы қалыптастырылды.