ШҚО-да су тасқынының екінші толқыны жүріп жатыр
Су объектілерінде күнделікті мониторинг жүргізіліп жатыр
Шығыс Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқыны жүріп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Алтай ауданында ТЖМ 68303 ә/қ 9 шақырым арықты, 81 су өткізу құрылысын және 1 көпірді мұздан тазартып, 3 235 инертті материалдар толтырылған қаптар төселген.
Жергілікті атқарушы органдар өзен арналарын тазартып, түбін тереңдету және жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Су объектілерінде күнделікті мониторинг жүргізілуде.
Катонқарағай ауданында Өрел өзенінің 1 000 метр жағалауы нығайтылды. Сондай-ақ Алтай ауданының Зубовск кентінде Поганка өзенінің жағалауы нығайтылып жатыр. Глубокое ауданында Веселовка-Верх-Уба ауылының жол учаскелерінде су өткізу құрылысын салу жұмыстары жүргізілуде.