Бұл оңай болған жоқ
Қазақстандық файтер, Fight Nights Global қатысушысы Қуат «Найман» Хамитов үлкен спортқа оралатынын мәлімдеді.
«Қазір мен жарақат алып қалдым. Бірақ көзімде ұшқын пайда болып, бұрынғыдай ұрысқа дайын екенімді сездім.
Тағы 5 жыл төбелесуге дайынмын деп санаймын. Сондықтан осындай оңай емес шешімді қабылдадым.
Бұл оңай болған жоқ. Қолдауларыңызға тағы да алғыс айтқым келеді», - деп жазды спортшы Instagram-дағы парақшасында.
Биыл қаңтар оқиғасы кезінде Қуат Хамитов спорттағы мансабын аяқтағанын мәлімдеген болатын.
«Мен тағы 5 жыл төбелесуді, мансабымды жалғастырымды, еліміздің даңқын шығаруды жоспарладым. Бірақ бұл жағдайға құқық қорғау органдары қатысқандықтан, спорттағы мансабымды ресми түрде аяқтаймын деп шештім. Өмірімнің жаңа тарауы басталды», - деген еді сонда файтер.
Айта кетсек, 34 жастағы спортшы 30-дан аса жекпе-жек өткізген. Ол 23 рет жеңіске жетіп, 7 рет ұтылған, 1 кездесу тең аяқталған.