Қызылордада апиын сатқан 5 азамат ұсталды
Заңсыз сора өсіру жөніндегі астыртын зертхана табылды
Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша ҰҚКД прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткіні жеткізудің өңірлік арнасын жойды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
2024 жылғы наурызда Қызылорда қаласында 3,5 келі апиынды сатуға әрекеттенген Қазақстанның 5 азаматы ұсталды. Бұдан басқа, қосымша іс-шаралар барысында заңсыз сора өсіру жөніндегі астыртын зертхана табылды.
Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық кодекстің 300-бабы 2-бөлігі және 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – делінген ҰҚК хабарламасында.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.