11 автокөлік жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Еліміздің 3 өңірінде жолдарды су басты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
17 сәуірдегі сағат 8:30-дағы жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автокөлік жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 7 575 метрге жететін су тасқыны болды, – делінген «Қазавтожол» ҰК» АҚ хабарламасында.
5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 11 автокөлік жолында (ұзындығы – 411 шақырым) қозғалысқа шектеу қойылды.
Қазір республикалық жолдарға 356 техника мен 438 адам жұмылдырылған.