Тұман, дауыл, бұршақ: 17 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Қазақстан бойынша найзағай, тұман, желдің күшеюі, оңтүстікте дауыл, солтүстікте бұршақ күтіледі
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 17 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстан территориясының басым бөлігінде жаңбырлы ауа райы сақталады. Оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Тек еліміздің оңтүстік-батысында, қиыр шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Қазақстан бойынша найзағай ойнап, тұман түсіп, жел күшейіп, оңтүстікте дауыл тұрып, солтүстікте бұршақ жауады.