Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты оқиғаны Бишімбаевтың қызына басқаша жеткізген
Әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінген Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі балалары неліктен әкесінің ата-анасымен араласпайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Massaget.kz.
Оның айтуынша, балалары бала кезінен қиындықты көп көрген. Ал қазіргі жайт жағдайды тіптен ушықтырып отыр. Оған қоса, Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты оқиғаны Бишімбаевтың қызына басқаша жеткізген. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.
Өкінішке қарай, балаларым бала кезінен көп қиындыққа тап болды. Ата-анасы тату тұрмады. 2017 жылы әкелері түрмеге отырды. Түрмеге барып, әкесін қолдап тұрды. Одан кейін ата-анасының ажырасуы, той, әкесінің жаңа әйелімен ұрыс-керістері... Енді тіпті адам өлтіру. Аллаға шүкір, психолог көмегі, олардың керемет ортасы, менің жақындарым мен достарымның арқасында балаларда дұрыс моральдық нұсқаулық қалыстасқан. Олар ненің жақсы, ненің жаман екенін ажыратуды біледі.
10-11 қарашада маған да, балаларға да бәрі түсінікті болды. Қазір қоғам естіп отырған ақпаратты біз сол кезде сараптама мен қандай да бір қорытынды шықпай тұрып естігенбіз. Бәріне өзі кінәлі. Оған қоса, олар менің қызыма әкесі оны жақсы көргендіктен өлтірді деп айтқан. Сондай-ақ осыған ұқсас жаман заттар айтылды. Оның бәрін айтып отырғым келмейді. Өйткені менің де, балалардың да айтылған сөздерден құсқымыз келеді. Мен ана ретінде мұндай тәрбие түріне қарсымын. Сондықтан олармен байланысын шектеу туралы шешім қабылдадым. Балаларым да мұны түсініп, мені толықтай қолдады», - деп жазған ол.