Halyq Uni логотип
×

«Бауыздап, кейін пәтерді өртеген»: Ақтауда әйелін өлтірген ер адам ұсталды

Құтқарушыларды көршісі шақырған

 Халық үні 16.04.2024 | 21:45
«Бауыздап, кейін пәтерді өртеген»: Ақтауда әйелін өлтірген ер адам ұсталды
Фото: lada.kz

Ақтауда 14-шағын ауданда өртеніп жатқан пәтерден 52 жастағы әйелдің денесі табылды. Көршілерінің айтуынша, азаматтық некедегі жұбайы әйелді бауыздап өлтіріп, кейін қылмысын жасыру үшін пәтерді өртеген, деп хабарлады Lada.kz.

Оқиға 16 сәуірде түнде болған. Көршілердің айтуынша, көз жұмған әйелдің аты Парахат болған. Ол 9 қабатты үйдің екінші қабатында тұрған. Оқиғадан соң онымен бірге тұрған ер адам ұсталған.

Біз бәріміз таңғы сағат 05:10-да сыртқа шықтық. Бұл кезде полиция да, өрт сөндірушілер де келді. Құтқарушыларды көршісі шақырған. Білуімше, оны өлтірген адамды полиция 9-қабаттан ұстаған, – деді марқұмның көршілерінің бірі.

Үй тұрғындарының айтуынша, ер адам алдымен әйелді бауыздап, кейін пәтерін өртеуге тырысқан.

Өрт сөндірушілер тез келіп, сөндірді. Мен кездейсоқ полицейдің қолынан марқұмның суретін көріп қалдым. Ол дәліздегі еденде жалаңаш, етпетінен жатыр. Қорқынышты, өте қорқынышты, – деді көршілердің бірі.

Полиция департаменті жағдайға түсінік берді.

«Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді» , – деді қалалық ПД баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама