Оқушы ер адамнан жүкті болып қалған.
Жамбыл облысында 12 жастағы қызды зорлаған аудандық мәслихат депутатының күйеуіне қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлады orda.kz.
Айыпталушы – аудандық мәслихат депутатының Мороз есімді 55 жастағы күйеуі. Ол оқушы қызды зорлады деп айыпталған. 12 жастағы оқушы ер адамнан жүкті болып қалған. Ал ұстаздары қызды ата-анасының рұқсатынсыз жасанды түсік жасату үшін жеке емханаға жіберген.
Прокурор күдікті Морозды 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушының өзі кінәсін мойындады.
Ол өмір бойына педагогикалық қызметпен айналысу құқығынанжәне 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына 3 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өндірілді, – делінген Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарламасында.