«Халықаралық зорлық-зомбылық күні»: полиция мәлімдеме жасады
Желі қолданылушыларының айтуынша, бұл күні ер адамдар әйелдерге зорлық көрсете алады
ІІМ TikTok және басқа да әлеуметтік желілерде тараған 24 сәуірдің Халықаралық зорлық-зомбылық күні екендігі туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Желі қолданушыларының айтуынша, бұл күні ер адамдар әйелдерге зорлық көрсете алады. ІІМ ағылшын тіліндегі посттан тараған бұл хабарламаның жалған екенін атап өтті.
Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасының аумағында таратқан TikTok желісінің екі қолданушысы анықталды. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Полиция ҚР ҚК-нің 274-бабы («Көрінеу жалған ақпарат тарату») бойынша жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік барын ескертеді. Баптың санкциясымен 5 мың АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу не болмаса бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады, – делінген полиция хабарламасында.
Айта кетсек, кеше президент әйел құқығы мен бала қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңдарға қол қойған болатын. Оған әйелдер мен балаларға қатысты кез келген сипаттағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдататын, сондай-ақ отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтатын нормалар енгізілді.