×

Су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесуге аттанбақ болған ер адам жазатайым жағдайда қаза тапты

Марқұмның артында әйелі мен 7 баласы қалды

 Дастан Жұмабекұлы 16.04.2024 | 16:23
Фото: facebook.com/omir.shynybekuly

13 сәуірде Атырау облысындағы су тасқынынан зардап шеккен халыққа көмек беруге аттанғалы жатқан Қайырбек Қоспанов есімді Түркістан облысының тұрғыны жазатайым жағдайда қаза тапты.

Ол Howo жүк көлігін вагонға артып жатқанда, оқыстан көлік доңғалағы вагоннан тайып кетіп, өз көлігінің астында қалып қойған. Марқұмның жасы 37-де еді. Оның соңында әйелі мен 7 баласы қалды.

Белгілі педагог Өмір Шыныбекұлының айтуынша, қазір елі үшін жанын берген азамат Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Ынталы ауылының тұрғыны болған. Бүгін марқұмның жаназасы шығарылып, жер қойнына тапсырылды.

Жаназа мен басқа да шығындарын ауыл болып көтеріп өткізіпті. Ата-анасы ерте өмірден өткен, өзінің 8 баласы болған. Бірер ай бұрын бір баласы шетінеп, жетеуі қалған. Өзінің басында баспанасы да болмаған. Інісінің үйінде тұрған. Қолында мүгедек інісі болыпты, – деп жазды ол.

Қазір осы қайғылы оқиғаға байланысты журналист Қайрат Кәрібаев марқұмның отбасына қаржылай көмек жинап жатыр. Оның KASPI GOLD-қа тіркелген телефонының нөмірі: 8 705 150 33 11. Осы нөмірді тергенде, аты-жөні Кайрат К. деп шығады. Ақшаны «Қайырбектің отбасына» деп жіберсе болады.

Қайырбек Қоспанов пен зайыбының шоттары бұғатталған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама