Halyq Uni логотип
×

Екібастұзда вагондардың арасына қысылып қалған жұмысшы көз жұмды

Полиция қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті

 Дәурен Ерболат 16.04.2024 | 16:05
Екібастұзда вагондардың арасына қысылып қалған жұмысшы көз жұмды
Фото: Halyq Uni

Екібастұзда 22 жастағы жұмысшы вагондардың арасына қысылып қалып, мерт болды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы Еңбек басқармасының мәліметінше, қайғылы жағдай биыл сәуірдің басында болған.

Алдын ала болжам бойынша қаладағы 1-МАЭС-те 22 жастағы пойыз құрастырушысы вагондардың арасында көз жұмған.

Басқарма қызметкерлері жас жігіттің жұмыста қалай мерт болғанын анықтайды. Облыстық полиция департаменті тергеуді бастады.

Еңбекті қорғау қағидасын бұзу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды, - деп жазылған хабарламада.

Сараптама және еңбек инспекциясының қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама