×

ҚМА ШҚО-да әлеуметтік маңызды азық-түліктің бағасын түсірді

Былтырмен салыстырғанда, сәбіздің бағасы 35%, қырыққабат 60% арзандады

 Дастан Жұмабекұлы 16.04.2024 | 14:19
Фото: gov.kz

 Қаржылық мониторгинг агенттігі қабылдаған шаралардың нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік маңызды азық-түліктің бағасы түсірілді.

Талдау кезінде ШҚО білім басқармасының «Оқуда ерекше күтімді қажет ететін балаларды қолдау орталығы» КММ-нің жеке кәсіпкерден әлеуметтік маңызды азық-түлікті жоғары бағамен сатып алатыны анықталды. Былтыр орталық 1 келі қырыққабатты 380 теңгеге, сәбізді 325 теңгеге сатып алған.

Тексеру нәтижесінде уәкілетті орган жеке кәсіпкерге ескерту жасап, «Сауда қызметін реттеу туралы» заңнамасында анықталған құқықбұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде биыл жыл басынан бастап мемлекеттік мекеме көкөніс жеткізушілермен орташа республикалық деңгейдегі бағалармен жаңа шарттар жасасты.

Былтырмен салыстырғанда, сәбіздің бағасы 35% (325 теңгеден 242 теңгеге дейін), ал қырыққабат 60% (380 теңгеден 238 теңгеге дейін) арзандады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама