×

Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізілді

Ол отандық тауар өндірушілерден тауар сатып алуды арттыруға мүмкіндік береді

 Динара Амантай 16.04.2024 | 12:35
Фото: bes.media

Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің 2024 жылғы 21 ақпандағы заңдарда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде ірі кәсіпорындардың сатып алуларындағы елшілік құндылықтың үлесін арттыру тапсырмасын орындау мақсатында Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды іске асыру кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізді.

Аталған өзгерістер:

  • жер қойнауын пайдаланушылар тауарларды сатып алу кезінде ескеретін отандық тауар өндірушілердің міндетті тізілімін енгізу;
  • тізілімде жалғыз отандық тауар өндіруші болса, одан тауар сатып алу бір көзден алу әдісімен іске асырылады;
  • тізілімде екі және одан да көп отандық тауар өндірушілер болса, тауар сатып алу олардың арасында ғана іске асырылады (қазақстандық тендер);
  • тауар өндіруші міндетті түрде оқшаулау бағдарламасын ұсынатын және оның Қазақстан аумағында өндірілуін қамтамасыз ететін, 5 жылдан аспайтын мерзімге жасалған импорттық тауарды сатып алуға арналған келісімшарт.

Осылайша, бұл өзгерістер жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан отандық тауар өндірушілерден тауар сатып алуды арттыруға мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама