×

Тараздағы перзентханада аяғы ауыр әйел асылып қалды

Қазір полиция қызметкерлері оқиғаны жан-жақты тергеп-тексеріп жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 16.04.2024 | 11:45
Фото: halyq-uni.kz

Жамбыл облыстық перинаталдық орталығының перзентхана палатасында аяғы ауыр әйел асылып қалды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің мәліметіне сүйенген Zakon.kz.

9 сәуірде Тараз қаласының полиция басқармасына Жамбыл облыстық перинаталдық орталықтан перзентхана палатасының жуыну бөлмесінде 33 жастағы аяғы ауыр әйелдің асылып қалғаны туралы хабарлама түскен. Осы дерек бойынша полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оны жүргізу Жамбыл облысы бойынша сот-сараптамалары институтының сарапшыларына тапсырылды, – делінген хабарламада.

Қазір полиция қызметкерлері оқиғаны жан-жақты тергеп-тексеріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама