Halyq Uni логотип
×

Таразда аударыспақтан Қазақстан құрамасының жаттығу жиыны басталды

Ереже бойынша халықаралық жарыстар 6 салмақ бойынша өтеді

 Динара Амантай 16.04.2024 | 10:58
Таразда аударыспақтан Қазақстан құрамасының жаттығу жиыны басталды
Фото: Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі

Тараз қаласындағы «Атлетик» спорт кешенінде аударыспақтан Қазақстан командасының оқу-жаттығу жиыны басталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Жанбатыр Мұсаевтың айтуынша, аударыспақ – халықаралық дәрежеде жоғары деңгейге көтеріле алатын бірден-бір спорт түрі.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңындағы жиындар наурыздан бастап бірнеше кезеңде өтіп жатыр. Ереже бойынша халықаралық жарыстар 6 салмақ: 60 келі, 70 келі, 80 келі, 90 келі, 100 келі және 100 келіден жоғары дәреже бойынша өтеді. Былтыр Қырғызстанда өткен Әлем чемпионатына біздің 6 палуанымыз қатысты, оның үшеуі әлем чемпионы атанса, үшеуі қола медаль жеңіп алды, – деді ол.

Сонымен қатар, өткен жылы 9 мемлекет арасында арнайы меморандумға қол қойылып, аударыспақ ат үстіндегі күрес спорт түрі болып өзгертілді. Сондай-ақ халықаралық федерация құрылып, жалпы ережелер бекітілді.

Еске сала кетсек, Республикалық «Аударыспақ» федерациясы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. Қауымдастық құрамында бұдан өзге «Бәйге», «Көкпар», «Теңге ілу», «Садақ ату», «Жамбы ату», «Құсбегілік», «Асық ату», «JORYQ» ат спорты және т.б. федерациялар бар. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығын белгілі кәсіпкер, меценат, «Altyn Qyran Foundation» Қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов басқарады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама