Биыл осы мақсатқа бюджеттен 75,9 млрд теңге қарастырылған
2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 59,8 мың отбасындағы 317 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 75,9 млрд теңге қарастырылған.
Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды іске асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.
АӘК мыналарды көздейді:
Қазір қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне, сондай-ақ Электронды үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.
Су тасқынына байланысты ТЖ режимі жарияланған қалалар мен аудандарда осы жылдың II тоқсанына 5 мың отбасына атаулы әлеуметтік көмекті автоматты түрде тағайындау іске асырылды.