Halyq Uni логотип
×

Қазақстан құрамасы сурдо дзюдодан әлем чемпионы атанды

Спортшылар 3 алтын, 6 күміс және 4 қола жүлде жеңіп алды

 Дастан Жұмабекұлы 16.04.2024 | 10:00
Қазақстан құрамасы сурдо дзюдодан әлем чемпионы атанды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Түркістан қаласында сурдо дзюдодан әлем чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күнінде спортшылар ката және командалық бәсеке бойынша өзара мықтыны анықтады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.

Сурдо дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасы командалық жарыста әлем чемпионы атанды. Ұлттық құрама спортшылары финалда Украина спортшыларын 2:1 есебімен жеңді. Ал жарыстың қола жүлдесіне Оңтүстік Корея құрамасы ие болды. Әйелдер арасындағы командалық жарыста Украина дзюдошылары қарсылас шақ келтірмеді. Оңтүстік Корея әйелдер құрамасы екінші орынға, Қазақстан әйелдер құрамасы үшінші орынға жайғасты. Әлем чемпионатында сурдо ката санаты бойынша ел намысын қорғаған Еркін Сұлтанбаев пен Игорь Корман әлем чемпионы атанды. Оңтүстік Корея құрамасының спортшылары күміс, ал Украина құрамасы қола жүлде жеңіп алды, – деп хабарлады министрлік.

Сурдо спорт бойынша Қазақстан алғаш рет әлем чемпионатын өткізді. Есту қабілеті төмен спортшылар арасында өткен әлем чемпионатының жекелей сайысында Қазақстан құрамасы 3 алтын, 6 күміс және 4 қола жүлде жеңіп алды.

Алтын жүлдені Алтынбек Какитаев (66 келі), Шадияр Қуандық (73 келі), Тоқтарбек Айдарбек (-100 келі) алса, күміс медальді Дина Иржанова (57 келі), Ерсін Болатов (60 келі), Нұрмұхаммед Әлдібек (66 келі), Айдос Түгелбаев (90 келі), Анна Краморова (-78 келі) мен Екатерина Чебышева (+78 келі) иеленді. Ал қола жүлдеге Фериде Қараоғлы (52 келі), Анастасия Тимошенко (-70 келі), Еркебұлан Қанафин (-81 келі) мен Сабыржан Хапизов (+100 келі) ие болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама