Кентауда үйлерді су басты: әкімдік түсінік берді

Дәурен Ерболат

Бүгінде қаладағы жағдай тұрақты

Фото: ТЖМ

Түркістан облысының Кентау қаласында нөсер жаңбыр жауып, салдарынан үйлерді су басты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қала әкімдігі болған жағдайға түсінік берді.

15 сәуірде сағат 16:00-ден 17:10-ға дейін жауған жауын-шашын салдарынан Кентаудағы 3 жеке тұрғын үйдің ауласы мен 1 үйдің жертөлесін, 1 үйді толық және «Салиха ана» базарындағы 26 бутикті су басты, - деп жазылған хабарламада.

ТЖД күштері мен жергілікті әкімдік қызметкерлері суды сору және бұру жұмыстарын жүргізді. Қазір шаһардағы жағдай тұрақталған.