Алматы әкімдігінде кадрлық өзгерістер болды
Қала әкімі тиісті өкімге қол қойды
Динара Амантай
16.04.2024 | 09:24
Алматы әкімдігінде кадрлық өзгерістер болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қала әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен:
- ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Бейбіт Шаханов тағайындалды;
- Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Айдар Жақыбаев тағайындалды;
- ҚР Президенті әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының келісімімен Алмалы ауданының әкімі болып Арман Шамшин тағайындалды:
- Алматы қаласы Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы лауазымын уақытша атқарушы болып Батырхан Сүлейменов тағайындалды.