×

5 облыстағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Қазір республикалық жолдарға 534 техника мен 1 134 адам жұмылдырылған

 Динара Амантай 16.04.2024 | 09:17
Фото: zhaikpress.kz

Еліміздің 5 облысындағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

2024 жылғы 16 сәуірдегі сағат 9:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автокөлік жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыстағы (Ақмола, СҚО, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 6 850 метр болатын су тасқыны болды, – делінген хабарламада.

5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 11 автокөлік жолында (ұзындығы 411 шақырым) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазір республикалық жолдарға 534 техника мен 1 134 адам жұмылдырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама