×

Жамбыл облысында перзентханада қайғылы жағдай болды

Марқұмның артында жолдасы және 3 баласы қалды

 Халық үні 15.04.2024 | 23:55
фото: sky.net

Жамбыл облысы Сарысу ауданының 33 жасар тұрғыны өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің берген мәліметіне сүйенсек, оқиға Тараз қаласындағы Жамбыл облыстық перинаталдық орталығында 10 сәуір күні орын алған. Аяғы ауыр келіншек жүктіліктің он алтыншы аптасында болған. 

Жүкті әйел жалған толғақ диагнозымен ОПС бақылауында болды және тиісті ем алды. Жүкті жағдайда болған кезде психологиялық ауытқулар байқалмаған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. Аталған фактіге байланысты құқық қорғау органдары 105-баптың 1-бөлігі, яғни, өзін-өзі өлтіруге итермелеу бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, сот-медициналық сараптамасы жүргізіліп жатыр. Ақпарат тергеу аяқталғаннан кейін жарияланады, – делінген баспасөз қызметі таратқан ресми ақпаратта.

Айта кетейік, марқұмның артында жолдасы және 3 баласы қалды. Балаларының үлкені 6 жаста болса, екеуі балабақшаға барады.

Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кешенді сараптама тағайындалған, оны Жамбыл облыстық сот сараптамасы институтының мамандары жүргізеді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама