×

ҚТЖ Қазақстанның су басқан аймақтарына арнайы техника жеткізу үшін қосымша вагондар бөледі

Пойыз - кейбір су басқан аймақтарға қатынайтын жалғыз көлік түрі

 Халық үні 15.04.2024 | 19:50
Фото: railways.kz

ҚТЖ арнайы техниканы Қазақстанның басқа өңірлерінен су басқан аймақтарға жедел жеткізу үшін қосымша вагондар бөледі. Тиісті тапсырманы вице-премьер Қанат Бозымбаев берді, деп хабарлады ҚТЖ-ның баспасөз қызмет.

Теміржолшылар су тасқыны салдарын жою және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін өңірлерге тәулік бойы арнайы техника тасымалдайды.

Алматы, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда, Шымкент, Қостанай станцияларынан бульдозерлер, тракторлар, самосвалдар, камаздар, тиегіштер, манипуляторлар, су тасқынымен күресуге арналған крандар Орал, Атырау, Ақтөбе және т. б. бағытталды.

ҚТЖ пойыздарымен авариялық-құтқару жұмыстарына қатысу үшін 4 мың құтқарушы, әскери қызметші тасымалданды. Су басу орындарына гуманитарлық көмек жеткізу үшін пойыздар құрамындағы вагондар бөлінді.

Атырау - Құлсары - Атырау және Құлсары - Маңғыстау бағыттары бойынша 12 мың адам өтеусіз негізде жолаушылар пойыздарымен тасымалданды. 2 мыңнан астам жолаушы Атырау - Маңғыстау, Атырау – Алматы және Атырау - Астана бағыттары бойынша қосымша вагондармен шығарылды. Қосымша пойыздар Орал — Қызылорда, Атырау - Қарағанды, Алматы — Атырау бағыттары бойынша жүреді, бұл 2 мыңнан астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік берді. Су тасқынынан зардап шеккен аудандардан 500 баланы емдеу-сауықтыру орталықтары мен балалар лагерьлеріне тасымалдау ұйымдастырылды.

Пойыз - су тасқыны кезінде елдің кейбір аймақтарына қатынайтын жалғыз көлік түрі болып қалып отыр. ҚТЖ барлық бөлімшелері күшейтілген режим жұмысына ауыстырылды. Су тасқынына қарсы іс-шараларды уақытылы жүргізудің арқасында теміржол инфрақұрылымы зардап шеккен жоқ, пойыздар кесте бойынша қатынайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама