Айсулуу Тыныбекова тұңғыш рет алты дүркін Азия чемпионы атанды (ВИДЕО)
Сонымен бірге ол әлемнің үш дүркін чемпионы, Әлем кубогының иегері, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері
Еркін күрестен Қырғыз Республикасы ұлттық құрама командасының өкілі Айсулуу Тыныбекова Бішкек қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында құрмет тұғырының ең биік сатысына көтеріліп, сары құрлық додасының алтын жүлдесін осымен алтыншы рет жеңіп алды. Сөйтіп, ол тұңғыш рет алты дүркін Азия чемпионы атанды.
14 сәуірде финалда 62 келіге дейнігі салмақ дәрежесінде күш сынасқан қырғыз балуаны жапон спортшысы Сакуро Мотокиді 9:6 есебімен жеңді.
Айсулуу Тыныбекова сонымен бірге әлемнің үш дүркін чемпионы, Әлем кубогының иегері. Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері. Көптеген халықаралық турнирдің жеңімпазы.
Енді оқырман қауымды күрестен ең көп медаль алған спортшылармен таныстырсақ, журналист Айбек Мұхановтың айтуынша, бұл тізім былай жасалады.
1.Айсулуу Тыныбекова (Қырғызстан) – 6 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль;
2.Елмұрат Тасмұратов (Өзбекстан) – 5 алтын, 2 күміс жүлде;
3-4. Алиреза Сулеймен (Иран) – 5 алтын, 1 қола медаль;
3-4. Кеко Хамагути (Жапония) – 5 алтын, 1 қола жүлде;
5.Расул Хадем (Иран) – 5 алтын медаль;
6-7. Сергей Матвиенко (Қазақстан) – 4 алтын, 1 күміс жүлде;
6-7. Георгий Цурцумия (Қазақстан) – 4 алтын, 1 күміс медаль;
8-9. Алиреза Хейдари (Иран) – 4 алтын, 1 қола жүлде;
8-9. Каори Ите (Жапония) – 4 алтын, 1 қола медаль;
10.Эхсан Лашгари (Иран)–4 алтын жүлде;
10.Саори Есидо (Жапония) – 4 алтын медаль;
10.Фардин Масуми (Иран) – 4 алтын жүлде;
10.Гюзель Манюрова (Қазақстан) – 4 алтын медаль.