Halyq Uni логотип
×

Астанаға Саха Республикасының басшысы келеді – СІМ

Қос тарап экономикалық байланысты нығайтуға ниетті

 Дәурен Ерболат 15.04.2024 | 17:07
Астанаға Саха Республикасының басшысы келеді – СІМ
фото: Halyq Uni

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров биыл елордаға Саха (Якутия) Республикасының басшысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

2024 жылғы 17-21 сәуір аралығында Саха Республикасының басшысы Айсен Николаевтың Астана қаласына сапары болады. Ол Саха республикасы күндерінің ашылу рәсіміне қатысады. Сапар аясында оның ел басшылығы және бірқатар мемлекеттік орган өкілімен кездесулері, Саханың инвестициялық, туристік әлеуетінің тұсаукесері, B2B кездесулері және тағы басқа іс-шаралары жоспарланған, - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ 17-24 сәуір аралығында Астана мен Алматыда Саха Республикасының күндері өтеді. Іс-шараға тауар өндірушілер мен инновациялық кәсіпорындар қатысады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама