Halyq Uni логотип
×

Ақмола облысында мемлекеттік мекеме басшылығы сыйақыны негізсіз төлеген

Прокуратура қадағалау актісін енгізді

 Динара Амантай 15.04.2024 | 14:50
Ақмола облысында мемлекеттік мекеме басшылығы сыйақыны негізсіз төлеген
Фото: Halyq Uni

Степногорск қаласының прокуратурасы қадағалау қызметі барысында мемлекеттік органның қызметкерлеріне негізсіз сыйақы төлеу фактілерін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекеттік мекеменің 2 жыл ішінде заңнамада белгіленген шығыстардың түрлері бойынша үнемдеу болмаған уақыттың өзінде қызметкерлерге 13,4 млн теңге негізсіз сыйақы бергені анықталды.

Тек 3 айдың ішінде 6 қызметкерге 6,6 млн теңге негізсіз сыйақы берілді. Әр қызметкердің сыйақыларының мөлшері 1 млн теңгеден асты, – делінген прокуратура хабарламасында.

Аталған фактілер бойынша қала прокуратурасы мемлекеттік мекеменің атына қадағалау актісін енгізді. Қазір мемлекеттік бюджетке қаражатты қайтару бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама