Halyq Uni логотип
×

Белгісіз біреу Елбасының ауылында атыс болып жатқанын хабарлады

Хабар алысымен полицияның жеке құрамы Шамалған ауылына аттанды

Белгісіз біреу Елбасының ауылында атыс болып жатқанын хабарлады
фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында телефон арқылы Шамалған ауылында атыс болды деп жалған хабар берген адам ұсталды.Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады. 

Полиция департаментінің мәліметінше, 31 мамырда Қарасай ауданының полициясында Шамалған ауылында бір топ ер адам бір-біріне оқ жаудырып жатқаны туралы хабарлама түскен.
Хабар алысымен полицияның жеке құрамы Шамалған ауылына аттанды. Алайда ақпарат жалған болып шықты.

Тәртіп сақшылары жалған хабарлама жолдаған адамды анықтады. Ол 36 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Айтуынша, Шамалған ауылына бет алған ол бір топ адамның жиналып тұрғанын байқаған. Олардың тұрысы күдікті болып көрінген соң полицияға атыс туралы хабарлаған. Алайда полиция оның аса сақтығына сенбеді. Ер адамның ішімдік ішкені де анықталды.

Оған қатысты әкімшілік шара қолданылатын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама