Қазір қалада 44 ардагер тұрады
Алматы қаласы мәслихатының VIII шақырылған депутаттары кезектен тыс XVI сессиясында мегаполис әкімі Ерболат Досаевтың Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 79 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне біржолғы төлем мөлшерін 2 миллион теңгеге дейін арттыру туралы бастамасын бірауыздан қолдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Жыл сайын Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай ардагерлерге 1 миллион теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем төленеді.
Алматы қаласы әкімінің тапсырмасымен біржолғы әлеуметтік көмекті 1 миллион теңгеге ұлғайту туралы шешім қабылдаймыз. Биыл ардагерлер 2 миллион теңге көлемінде біржолғы көмек ала алады, – деді Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов.
Қазір Алматыда 44 ҰОС ардагері тұрады.